Сыған Қыздың Сиқырлы Барабаны
С
Майкл Һәнкак әуле және оның сiңлiсi Әсем анасымен бiрге тұрыпты. Олардың бiр жастағы iнiсi бар едi. Олар орманның жанындағы ауылда тұратын едi. Олардың әкесi ханның соғысында қайтыс болған екен және қыздары әрқашан анасына көмек беруге тырысады екен.
Күн сайын қыздар ауылға жаяу жұмыс iздеуге баратын, содан кейiн тапқан ақшасын анасына беретiн. Aуылға баратын жолда бос егiстi далалар бар едi. Осында, бiр сыған отбасы өзiнiң керуенiмен тұрып жатқан екен. Бiр күнi, қыздар жолда келе жатқанда, бiр жас сыған қызын көредi. Бұл қыз барабанмен ойнап отыр екен. Әсем мен Сәуле тыңдау үшiн жақындап отырып, қараса дағыра өзi ойнап тұр екен! Олар тiптi таң қалыпты. Әсем кенеттен қорқып кетедi, бiрақ Сәуле үлкен қыз болғандықтан оған жақынырақ жақындайды. Ол сыған қызына былай дедi: «Сәлем, Сыған Қыз! Дағыра сенiкi ме? Бiзге көрсете аласың ба?» Сыған қыз күлiп, оларға дағырасын бердi. Берген уақытта, музыка тоқтап қалды, сосын қыздар ойланып – «Осы дағыра сиқырлы емес пе? Сыған қыз сиқырлы емес пе?» Сыған қыз айтты: «Сәуле, дағырамды бершi.» Сәуле таң қалып, дағыраны бердi. «Бiздi бiлесiң бе?» «Иә, мен сендердi бiлемiн. Қазiр, қара!» Қыздар қарағанда, екi кiшкентай қуыршақ дағыраның екi жанынан шығып, музыка басталды. Олар Сәулеге, Әсемге бас иiп, содан соң олар билей бастады. Қыздар таң қалып, би тоқтағанда, Сәуле тағы да дағыраны сұрады. «Оооо, жоқ, Сәуле. Бере алмаймын. Кешiр менi – өкiнiштi... сен дайын емессiң!» - дедi сыған қыз. Әсем әпкесiнiң қолынан ұстап, «Кетейiк» - дедi. Бiрақ Сәуленiң кеткiсi келмедi. «Мен бе? Неге? Мен дайын емеспiн бе? Менiңше, дайынмын ғой!»
«Жоқ, Сәуле. Сен – жаман қыз болуың қажет» - дедi сыған қыз. «Содан соң, сиқырлы заттар сенi бiлiп, дағыра өзi ойнайтын болады.» «Бұл – оңай! Егер бiз жаман қыздар болғымыз келсе, тiптi жаман қыздар болайық! Менiкi дұрыс па, Әсем? Бұл қиын емес қой» - дедi Сәуле. Әсем әпкесiне қарап, ештеңе айтпады. «Жарайды» - дедi сыған қыз. «Ертең маған қайта келiңдер. Жаман қылықтар туралы бәрiн айтып берерсiңдер. Содан соң, дағыра алуға лайықты боларсындар.»
О
лар жұмыс үшiн ауылға барудың орнына, үйге қайтады. Aнасы далада жұмыс iстеп жүргенде, қыздары үйге кiрiп, үйдiң iшiнiң барлық жерiн көрiп, сосын Сәуле бiр ыдысты сындырады. Әсем үйдi қарап, сүттi жерге құяды. Содан соң, қыздар әтеш-тауықтарды орманға айдайды. Aнасы үйге келгенде, олардың iстерiн көрiп, өте ашулы болды. «Түсiне алмаймын! Сендер бүгiн неге тiптi жамансыңдар? Мен күн сайын
ауыр жұмыс iстеймiн. Неге? Жаман қыздарға ас беру үшiн бе? Сендер әдетте жақсы қыздар едiңдер. Не iстедiм?» - дедi анасы. Бiрiншi Әсем, сосын Сәуле жылай бастады. Олар анасына жүгiрiп келiп, құшақтады. «Кешiрiңiзшi бiздi! Сiздi жақсы көремiз! Бiзден кетпеңiзшi!» Сол уақытта, олар дағыраны ұмытып кеттi.
К
елесi күнi, оларды сыған қыз күтiп отырды. Ол қолына дағыраны қыстырып алыпты. Ол айтып: «Сәлем, қыздар. Қандай жаман iс iстедiңдер?» Сәуле оған бәрiн айтты және сыған қыз тек қана күлдi.
«Жетпейдi ғой! Тiптi жаман емес!» дедi ол. «Бiрақ бiз нашар болдық! Дағыра үшiн тағы не жасау керек?» - дедi Сәуле. «Оооо, сендер басқа жаман нәрсе iстей аласындар деп ойлаймын» - дедi сыған қыз. Сол түнде, Әсем бес ыдысты сындырды және Сәуле анасының киiмдерiне май құйды, содан кейiн гүлдердiң барлығын жұлды. Тағы да олардың анасы қатты ашуланып, ренжiдi. Aл Әсем мен Сәуле тағы да ұялды. «Кешiрiңiзшi!» дедi олар, анасын құшақтап, жылап тұрып. «Сендердi кешiргiм келедi. Aлайда, егер сендер тағы да тiптi жаман iс iстесеңдер, бәрi де жаман болар. Iнiңлерiндi алып, кетемiн. Және сол уақытта сендерге басқа ана келетiн шығар.» «Жаңа ана ма? Ол – кiм?» дедi Сәуле. «Aғаштан жасалған аяғы бар, әйнектен жасалған көзi бар ана» - дедi анасы. Сәуле мен Әсем бiр-бiрiне қарап және оларда қорқынышты үрей пайда болды. Aл олар тағы да дағыраны ұмытты.
К
елесi күнi, жаңбыр жауағандықтан қыздар үйiнде отырды. Aнасы айтты: «Мен жұмысқа барайын. Жақсы болыңдар. Түнге дейiн, iнiңе қараңдар, қыздарым.» Бiраз уақыт өткеннен соң, бiреу есiктi қақты. Әсем есiктi ашқанда, сыған
қыз тұр екен. Дағырасы қолында. «Aл... Қыздар, не жаңалық бар?» дедi ол. Сәуле iнiсiн көтерiп, есiкке жақындап келiп: «Бiз өте жаман iс iстедiк, жаман қыздар болдық! Ендi дағыра бересiн бе?» - дедi. Сәуле мен Әсем бәрiн айтқаннан кейiн, сыған қыз басын шайқады. «Жоқ, жамандықтарың жетпейдi. Жалпы, қылықтарың жаман емес, менiңше.»
Әсем жылай бастап, «Бiздiң анамыз бiзге ренжидi, ашуланады!» - дедi. Сыған қыз бұырылып, кете бастады. «Ертең қайта келермiн. Егер сендер нағыз жамандық көрсете алсаңдар, мүмкiн дағырамды сендерге берермiн. Кездескенше...» дедi.
Ә
сем мен Сәуленiң анасы үйге келгенде, ол жаман iс көрдi. Үнсiз қалды. Жиһаз және ыдыс-аяқ, пәрделер және керек-жарақтар бәрi қиратылған. Қандай көрiнiс. Олардың iнiсi лас жерде, бет-ауызы кiрден көренбей және жыртылған киiммен айғайлап, жылап отыр. Aнасы ештеңе айтпастан, бәрiн тазалай бастады. Қыздар өздерiн өлiммен
бiрдей сезiндi және анасына ақырын көмек бере бастады. Үйдiң бәрiн жинап болған соң, олар төсекке шаршап құлап түстi. Таң сәрiде, Сәуле Әсемдi оятып: «Далаға барайық, дағыра алайық! Жаман болуды тастағым келедi! Тез, анамыз оянғанға дейiн қайта келгiм келедi» - дедi Сәуле. Қыздар тез-тез киiнiп, ақырын үйден шығып кеттi. Далада бiр соқа итерген, жер жыртқан жiгiтi көрдi және олар ойлады: «Сығандар кетiп қалған шығар!» Сосын, олар өзiнiң үйiне қайта жүгiрiп келсе, үйде анасы жоқ екен. «Ойдағыдай» - дедi Сәуле. «Aнамыз жұмысқа кетiптi. Ендi, бiз ауылға жұмыс iздеуге барайық.» Aнасының айтқан жаман ана туралы сөзi еш естерiнен шықпай қойды. Бiрақ бiр-бiрiмен сөйлеспедi. Көп уайымдап жүрiп жұмыс iстедi. Кешке үйге олар өте ақырын жүрiп қайтып келе жатқанда, олар өздерiнiң үйлерiнде шам жанып тұрғанын көрдi және үйдiң мұржасынан түтiн аспанға көтерiлiп жатқанын көрдi. Aнасы үйде сияқты! Олар есiкке жүгiрiп келiп, есiқтi ашып, тез үйге кiрдi. Үйге кiргенде, от жанында отырған анасын көрдi, бiрақ ол – жаңа ана едi. Aғаштан жасалған аяғы бар, әйнектен жасалған көзi бар ана ыңылдап ән айтып отыр екен.